
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-де болды.
Кездесу барысында әскери қызметшілерді қазіргі заманғы техниканы пайдалану дағдыларына оқыту, сондай-ақ әскери оқу орындарымен бірлесіп қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, генерал-лейтенант Тимур Дандыбаев компанияның өндірісімен егжей-тегжейлі танысып, өзара іс-қимыл, дуальді оқыту, ғылыми әлеует және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша бірлескен жобалар мәселелерін талқылады.