Астанада АӨСШК әскери-саяси өлшемін дамыту бойынша семинар өтті

Астанада АӨСШК әскери-саяси өлшемін дамыту бойынша семинар өтті

14 елдің өкілі қатысқан семинардың басты тақырыбы «АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі» деп аталады.

Халықаралық форум өзара ынтымақтастықты нығайтуға, континенттегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Оған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларды ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров құттықтады. Ол АӨСШК кеңістігіндегі қауіпсіздік ұғымы өзектілігін арттыра түсетінін атап өтті.

– Бүгінгі күннің шындығы бізден туындаған мәселелерді шешуде және дағдарыс жағдайдын уақтылы оқшаулауда тығыз ынтымақтастықты талап етеді, – деді ол. – Қазақстан өзіне сенім шараларын нығайту арқылы АӨСШК-нің әскери-саяси өлшемін дамытуды бірінші кезектегі міндет етіп қойып отырғанын атап өткен жөн. Бұл процесте Қорғаныс министрлігі жауапты мемлекеттік орган ретінде әрекет етеді.

Жиналғандар АӨСШК әскери-саяси өлшемін дамыту үрдістерін, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік жүйесіндегі қазіргі қауіп-қатерлерді, сондай-ақ Қазақстанның осы үдерістегі рөлін талқылады.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен 32 жыл бұрын біздің еліміз АӨСШК құру жөнінде бастама көтергенін еске салды. Ол Жалпыазиялық диалог форумы халықаралық құқық, ашықтық және өзара сенім қағидаттарына негізделген континентте қауіпсіздік архитектурасын құруға бағытталғанын атап өтті. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан бұл бастама Қазақстан үшін де, оның Орталық Азиялық көршілері үшін де маңызды.  

Семинар бағдарламасына сәйкес оның қатысушылары ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде болып, оқу орнының оқу-материалдық базасымен және қызметімен танысты.