Әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілері қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілері қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 тамыздағы Қорғаныс министрінің №476 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы дайындалды.

Жаңа редакцияда бұйрықтың келесі тәртібі регламенттелген:

1) халықаралық әуежайлар авиациялық комендандатурасы әскери қызметшілерінің әскери киім нысандарын кию және белгілерін тағу;

2) қысқы күндері ыстық ауа райында киім нысанының жазғы бұйымдарын кию;

3)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ғимараттарды қорғау Қызметі әскери қызметшілері үшін жазғы және қыстық киім нысанына өту.

Бұйрық жобасының толық нұсқасымен ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында https://legalacts.egov.kz сілтемесі бойынша танысуға болады.