Қарулы Күштерде мөрқалыптық өміндерді жабдықтау нормалары бекітіледі

Қарулы Күштерде мөрқалыптық өміндерді жабдықтау нормалары бекітіледі

Қазақстан Ресублика Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мөрлері мен мөртабандарын дайындау техникалық құралдарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы №1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасында әскери бөлімдердің штатында тұрған гравюрлік шеберхана бар әскери бөлімдерге мөрлері мен мөртабандарын дайындау техникалық құралдарымен жабдықтау нормалары нақты көрсетілген:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мөрлері мен мөртабандарын дайындауға техникалық құралдарымен қажетті жабдықтардың атаулары;

2) саны;

3) пайдалану мерзімі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.