Қазақстан Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты

Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньнің шақыруымен  Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі «Сяншань» форумының жұмысына қатысты. 

Форум аясында ҚХР және Моңғолия қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Чжан Юсямен екіжақты жұмыс кездесулері өткізілді.

Сапар барысында бірқатар қорғаныс нысандарына бару жоспарланған.