Қазақстан мен Арменияның әскери топографтары ынтымақтастықтың көкжиегін талқылады

Қазақстан мен Арменияның әскери топографтары ынтымақтастықтың көкжиегін талқылады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Армения Қарулы күштері Бас штабы әскери-топографиялық қызметінің бастығы генерал-майор Сергей Петросян бастаған шетелдік делегация келді. 

Сапар аясында әскерлерді геокеңістіктік ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы сарапшылардың кездесуі өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ әскерлерді топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады.

Сапар Қазақстан мен Армения қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.