
Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу талаптарына сәйкес келтіру мақсатында «Зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ұшу құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін жағдайларды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді.
Бұйрықтың жаңартылған редакциясы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңының 50-бабына, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген н ормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес келеді.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкеп соқпайды, тауарлар, қызметтер саудасына немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты емес және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.