Әскери полиция органдарының қызметі туралы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірленді

Әскери полиция органдарының қызметі туралы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірленді

ҚР ҚК әскери полициясының бас басқармасымен кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірледі.

Атап айтқанда, олар ҚР Қорғаныс министрінің келесі бұйрықтарына қатысты:

- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығы.

- «Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қағидаларда әскери басқару органдарының қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібі айқындалған.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңының 50-бабына және Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 191 бұйрығында көрсетілген ескертулерге сәйкес әзірленді. Құжаттар Президенттің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес келтірілген.