Жеке құрамды көтермелеудің сараланған жүйесі әзірленді

Жеке құрамды көтермелеудің сараланған жүйесі әзірленді

Өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына әзірленді.

Жеке құрамға сыйлықақы беру үшін сараланған тәсіл принципі ұсынылады. Ол жеке көрсеткіштер негізінде материалдық ынталандыру арқылы қызмет нәтижелерін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығынан тұрады.

Құжаттың толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық деректер» бөлімінде танысуға болады.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің еңбек жөніндегі нормаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер әзірленді.

Өзгерістер Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет бойынша жұмыс уақытының нормаларына қатысты.

Жобаның толық мәтіні «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді: https://legalacts.egov.kz.