
Қазақстанстандық спортшылар, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атқышы Ислам Сәтбаев пен гимнаст Нариман Құрбанов елімізге медальмен оралды.
Ислам Сәтбаев спортшы Александра Ле-мен жұптасып, аралас командалар арасындағы жарыста пневматикалық мылтықтан оқ атудан қола медаль жеңіп алып, еліміздің қоржынына Олимпиаданың алғашқы наградасын әкелген болатын.
Спортшы-нұсқаушы, Қарулы күштердің қызметкері Нариман Құрбанов Олимпиада ойындарында екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші медаль салды.
Армия спортшылары ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен ведомстволық медальдармен марапатталды. Награда Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде табысталады.