
Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 2017 жылғы 4 тамыздағы №414 бұйрығына өзгерістер енгізу» туралы бұйрық жобасы әзірленді.
Жаңа редакцияда Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыру ережесі нақтыланды. Атап айтқанда, әскери эшелондар, командалар құрамында және жеке тәртіппен жол жүру жолында әскери қызметшілерді қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген нормаларды жеткізу тәртібі реттелген.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталымен танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.