
Қазақстан мемлекеттік авиациясының әуеайлақтары мен тікұшақ айлақтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сонымен қатар пайдалану мәселелерін қамтитын ҚР қорғаныс министрінің бұйрықтарына толықтырулар енгізіледі.
Атап айтқанда, толықтырулар келесі бұйрықтарға қатысты:
- 2017 жылғы 16 тамыздағы «Мемлекеттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» №453 бұйрығы.
Бұдан бұрын бұл бұйрық бойынша ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің басқармасы қолдаухат түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын және авиациялық бөлімінің командиріне (әуеайлақтың аға авиациялық бастығына) куәлік беретін. Бұйрықтың жаңа редакциясында Басқарма негіздей отырып, тіркеуден бас тартуға құқылы.
Мемлекеттік тіркеу куәліктердің көшірмелерін сақтау мерзімі де бекітілді. Олар Басқармада оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.
- 2019 жылғы 25 шілдедегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің № 570 бұйрығы.
Бұл бұйрық жобасына Шекара қызметін қайта ұйымдастыру туралы Жарлықтың қабылдануына және ведомстволық авиацияны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қайта тапсырылуына байланысты толықтырулар енгізілді.
Жоғарыда көрсетілг толық нұсқасымен https://legalacts.egov.kz сілтемесі арқылы электрондық үкімет порталының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.