Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдау мен беру жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы жаңартылады

Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдау мен беру жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы жаңартылады

«Ресей Федерациясы пайдаланатын Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдау/беру жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» ҚР Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді. Ол 2015 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 496 қаулысының күші жойылды деп танылғаннан кейін күшіне енеді.

Жобаны әзірлеу Қазақстан Республикасының кейбір мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастырылуына (жаңа мемлекеттік органдарды құру, атауын өзгерту және функцияларды қайта бөлу) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 496 қаулысымен құрылған Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдау және беру жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамын жаңарту қажеттілігінен туындады.

Ресей тарапының бастамасы бойынша 2014 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстандық Балқаш торабын Ресей зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін беру шарттары және одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімнің қолданысы 2020 жылдың аяғына дейін тоқтатылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімнің 5-бабына сәйкес Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдауды және беруді Балқаш торабының жер учаскелері мен инфрақұрылымын қабылдау (беру) жөніндегі бірлескен комиссия арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы
27-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы жобасының 2-тармағында «Ресей Федерациясы пайдаланатын Балқаш торабының жер учаскелері мен мүлкін қабылдау және беру жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 496 қаулысының күші жойылды деп тануды ұсынылады.

Қаулы жобасының толық нұсқасымен https://legalacts.egov.kz сілтемесі арқылы электрондық үкімет порталының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.