Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы онлайн растауға болады

Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы онлайн растауға болады

Жеңілдіктер қарастырылған тұлғалар үшін анықтаманы қазақстандықтар онлайн түрде ала алады. Бұл мемлекеттік қызметтің түрін «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік порталы арқылы қолжетімді.

 

Аталған анықтаманы алудың өзектілігі «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулерге байланысты өсті. Онда ардагерлер болып табылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға қойылатын талаптардың бірі жеңілдіктер қарастырылған санаттағы тұлғалардың әскери қызметті өткергенін растау.

Азаматтардың көпшілігі денсаулық қауіпсіздігі үшін үйден шықпай-ақ онлайн қызмет ретінде берілетін анықтаманы алу үшін жергілікті әскери басқару органдарына жүгінеді. Аталған анықтаманы алуға «Электрондық үкімет» порталындағы «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөліміне өтіп, «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін таңдағаннан кейін одан әрі қарапайым нұсқауларды орындау ғана қажет.

Егер жергілікті әскери басқару органдарында, ҚР-ның тиісті органдарында деректерді растау немесе бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болса, қызметтің алу мерзімі бір жұмыс күнінен 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Қызметті алу туралы толық ақпаратты http://zan.gov.kz/client/#!/doc/143114/rus/5374 сілтемесі арқылы алуға болады.