Әскери медицина санитарлық-эпидемиологиялық бейінді мамандар қатарымен күшеюде

Әскери медицина санитарлық-эпидемиологиялық бейінді мамандар қатарымен күшеюде

Коронавирус инфекциясының эпидемиясы Қазақстан Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз етудің күнделікті мәселелеріне елеулі түзетулер енгізіп, қандай бағыттарды дамыту, күшейту және қайта қарастыру қажеттігін көрсетті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар қатары  әскери-медициналық мекемелерді күшейту қажеттілігі жаңа қауіп-қатерлер аясында туындап отыр.         

Қорғаныс ведомствосы басшылығының тапсырмасы бойынша Қарулы Күштерде ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде Алматыдағы Қарулы Күштердің санитарлық-эпидемиологиялық орталығында, Аягөз, Семей, Талдықорған әскери госпитальдарында және Сарыөзек әскери лазаретінде дәрігер-эпидемиолог пен инфекционист дәрігерлердің қосымша штат бірліктері енгізілді.    

Бұл шаралар әскери және азаматтық медициналық мекемелерге жүктемені азайтуға және қайта бөлуге өз ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық, емдеу, эпидемияға қарсы іс-шаралардың толыққанды жүргізілуін, зертханалық зерттеулердің жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге бағытталған.