Әскери ұшқыштар парашюттік даярлықтан өтуде

Әскери ұшқыштар парашюттік даярлықтан өтуде

Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары тұрақты орналасу пункттеріне жақын Ми-17 тікұшағынан парашютпен секірді.

Ұшу құрамы салмағы 19 келі тартатын Д1-5У оқу-жаттығу парашютін, сондай-ақ салмағы бес келі қосалқы парашютті пайдалана отырып 600-800 метр биіктіктен секіру жаттығуын орындады

 «Ұшу құрамы үшін парашютпен секіру міндетті болып табылады, өйткені әуе кемесінен осындай жаттығуды орындау маңызды. Ұшқыштар құтқару парашюттерінен шығу, қону тәртібін жіті білуі тиіс», – дейді ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері жауынгерлік даярлық басқармасының аға офицері подполковник Ержан Абдықов.

Парашютпен секіруді 1000-3500 метр биіктіктен іздестіру-құтқару және парашют-десанттық қызмет мамандары да жасады. Бұл ретте, егер ұшқыштарға жай ғана секіріп, аман-есен қонса, онда құтқарушыларға күмбезді басқару элементтерін орындау, күмбезді ашу кідірісімен секіру, шектеулі алаңға секіру қажет.

«Ұшқыштардың парашютті меңгеруі авариялық жағдайда аман қалуға, ақұтқарушыларға адамдарды құтқару үшін қайғылы жағдай орнында барынша жылдам болуға көмектеседі. Оған қоса, секірудің тиісті санын орындамаған ұшқыш ұшуға жіберілмейді», – деп атап өтті ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының бағыт аға офицері подполковник Эдуард Цифра.

Жаттығулар әскери медицина мамандарының, қамтамасыз ету бөлімшелерінің, сондай-ақ метеорологиялық қызмет мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Тәжірибелік сабақтар алдында ерекше жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтаумен теориялық дайындық жүргізіледі.                               

Парашют дайындығы жауынгерлік даярлық жоспарына кіреді және қызметі ұшуды орындаумен тікелей байланысты әскери маманның кәсіби дамуының бір бөлігі болып табылады. Басшылық құжаттарға сәйкес ауада басқарудың жоғалуына, өртке және оны жоюдың мүмкін еместігіне, кеңістіктік бағдардың жоғалуына, экипаж мүшелерінің көңіл-күйінің күрт нашарлауына немесе қозғалтқыштардың толық істен шығуына байланысты өмірге тікелей қатер туындаған жағдайларда экипаж құтқару парашютін қолдана отырып, ұшу аппаратынан кетуге міндеттеледі. Сондықтан парашют дайындығы бойынша сабақтар жылына екі рет ұшу экипаждарымен өткізіледі.

Бұдан бөлек, парашют дайындығы ұшу әскери оқу орындарының оқу бағдарламаларында міндетті болып табылады. Оқуды аяқтай отырып, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыш-курсанттары парашют дайындығы бойынша теориялық білімі бар және парашютпен секіруді орындаудың практикалық тәжірибесі бар мамандар атанады.