
Қорғаныс министрлігі қызметінің басты міндеттерінің бірі – армияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтың алдын алу және анықтау, оған ықпал ететін себептер мен ахуалдарды жою бойынша әскери қызметшілер тарапынан заң бұзушылық фактілері жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Әскери ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кез-келген сыбайлас жемқорлық орын алғанда кезде оған төзбеуде әр әскери қызметшінің жеке тәртіптілігі мен жауапкершілігін арттыру басты рөл атқарады. Бұл мәселе ведомствоаралық деңгейде көтеріліп, онда бірлесіп аталған жағымсыз жайларды түпкілікті жою жөнінде жаңа әдістер жасалуда.
Сонымен бірге, әр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу немесе болдырмау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың көрсеткіші, жеке құрам үшін жауапкершілік пен жазаның қолданылмай қалмайтындығының мысалы болып табылады. Айта кетсек, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Алматы облысындағы әскери бөлімнің командирі заңсыз жолмен ақшалай сыйлықақы алды деген күдікпен ұсталды. Бұдан бұрын, ол 2019 жылдың желтоқсан айында өзіне бағынысты әскери қызметшіден 50 мың теңге көлемінде ақша алған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.