
Биылғы жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласындағы әскери госпиталінің азаматтық персоналының жеке өкілдері эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін оларға ай сайынғы үстемеақы төлеуге қатысты сөйлеген сөзіне қатысты факті бойынша орын алған мұндай мәселелер қорғаныс ведомствосының ішкі мәселелеріне жататынын, оларды қарау мен шешудің Жалпыәскери жарғыларда белгіленген тәртібі бар екенін атап өту қажет. Бұл мәселе Қорғаныс министрінің қатаң бақылауында. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы, сонымен қатар әскери медицина қызметкерлері де әр кезеңде өздерінің Отан қорғау міндеттерін атқарып жүрген елдің отанын сүйетін азаматтары.
Қорғаныс министрлігі қолданыстағы заңнамада көзделген барлық міндеттемелерді орындайды және инфекциямен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу мәселесін шешумен айналысады. Бұл мәселені шешу және нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қорғаныс министрлігіне ғана байланысты мәселе емес және ол белгілі бір уақытты талап етері сөзсіз. Егер Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлерінің заңды құқықтары бұзылған болса, оған кінәлілер жауапқа тартылады. Заң бойынша тиесілі барлық үстемеақы уақытында төленген.
Кіші медперсоналдар айтқан тұрғылықты жер, тамақтану, жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету, демалысты ұйымдастыру және тұрмыс жағдайына қатысты барлық шағымдар бойынша қызметтік тексеру басталды. Барлық аталған проблемалық мәселелер әскери ведомстваның ғана құзіретіне кірмейді, сонымен қоса олардың бірқатарын жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Еліміз басына төнген қауіппен күресіп, бір жұдырық болып жұмылып жатқан жағдайда қызметтік міндеттерді орындауды тоқтатуға қатысты құқық шеңберінен тыс талаптарды қозғау барлық санаттағы азаматтар, әсіресе Қарулы Күштердің қызметкерлері үшін жол беруге болмайды деп санаймыз.