Қызметтік куәліктерді беру қағидалары жөніндегі бұйрық күшін жойды

Қызметтік куәліктерді беру қағидалары жөніндегі бұйрық күшін жойды

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы қызметін бақылау және қадағалау органының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру және пайдалану қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі ҚР Қорғаныс министрінің №370 бұйрығы күшін жойды.

Бұдан бұрын «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін падалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабының 2-тармағында «мемлекеттік авиациясы қызметін бақылау және қадағалау органның әскери қызметшілеріне олардың тұлғаларын және өкілеттерін растауға мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен қызметтік куәлігі беріледі. Қызметтік куәлігін беру тәртібі, пайдалануы және сипаттамасы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысымен бекітіледі» деп жазылған болатын.
«Көлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 249-VІ Қазақстан Республикасының Заңының 16-тармағына сәйкес 2-тармақ жойылды. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген Қорғаныс министрінің бұйрығы өз күшін жойды.