
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Нидерланды Корольдігінен келген әріптестерімен кездесу өткізді.
Оған Нидерланды Корольдігі Қорғаныс министрлігі Халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелері жөніндегі департаментінің директоры контр-адмирал Вольтер Силлевис және Қазақстандағы Нидерланды әскери атташесі подполковник Ян Вильем Де-Вульф қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Голландия әскери ынтымақтастығының, оның ішінде білім беру және бітімгерлік қызмет саласындағы ықтимал бағыттарды талқылады.