
Мүсіндік композиция Ұлттық қорғаныс университеті ғимаратының қасбетіне орнатылған. 2014 жылдан бастап әскери университетке Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының аты берілген.
Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты монументтің салтанатты ашылуы онлайн режимде өтті.
Композицияның тұғырымен қоса алғандағы жалпы биіктігі 6,6 метрді құрайды. Мүсіннің биіктігі - 3,6 метр және қоладан жасалған. Тұңғыш Президенттің бейнесі әскери киімде бейнеленген. Ол оның Қарулы Күштердің құрылуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесін көрсетіп, ал алысқа бағытталған көзқарасы өз халқының тәуелсіздігін күзетіп тұрған Отан қорғаушылар ұрпақтарының байланысын бейнелейді.
Автор - мүсінші Ербол Зиябековтің идеясына сәйкес белгілі бір қашықтықтан мүсінді визуалды қабылдауда оптикалық әсерге қол жеткізу болды.
Композияцияның жұмысы бес жылдам астам уақытқа созылған. Оған дейін эскиздерін дайындау және тәжірибелі суретшілер мен өнер қайраткерлерінен құралған мемлекеттік комиссиямен келісу және бекіту жұмыстары орын алды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті - әскери білім мен ғылымның бағытталған және Орталық Азиядағы магистратура мен докторантура бағдарламары бойынша әскери кадрларды дайындайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны. 20 жыл уақыт ішінде университет жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық деңгейдегі 1500-ден астам әскери мамандарды дайындап, 2000-нан астам адам біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттілігі үшін 50-ден астам ғылыми- педагогикалық және ғылыми кадрлар даярланды. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің әскери кадрларды бірлесіп даярлау аясында жыл сайын шетелдік әскери қызметшілер университетте оқиды.