
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы төлеу ережесін бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 687 бұйрығына өзгерістер әзірленді.
Қарулы Күштердің жеке құрамына парашютпен секіргені үшін үстемеақы төлеу ережесі мерзімді қызмет әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, әскери қызметшілерге парашютпен секіргені үшін үстемеақы, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау парашютпен секіруді орындауды көздейтін Қарулы Күштердің азаматтық персоналының адамдарына ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкелмейді, сонымен қатар тауарлар, қызметтер саудасына немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты емес және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған http\\e.gov.kz.