Астанада "Жас сарбаз" қозғалысына қатысушылар арасында әскери-патриоттық ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада "Жас сарбаз" қозғалысына қатысушылар арасында әскери-патриоттық ән байқауының жеңімпаздары анықталды

"Жас сарбаз – патриоттар ордасы" жобасы аясында "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері арасында өткен әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы шығарылды. 

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шара

ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, елорда әкімдігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қарулы күштердің ардагерлері мен "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.              

– Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін нығайту мен дамыту – еліміздегі жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Оның белсенді қозғаушы күші – "Жас сарбаз" қозғалысы, – деді Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағымбеков.

Ол сондай-ақ байқау патриотизмді тәрбиелеуге, шығармашылық жастарды қолдауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.   

Әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені № 51 мектеп-гимназиясының оқушысы Арай Ерахмет иеленді. Ол енді республикалық байқауға қатысады. Бірінші орынды мұғалімдер колледжінің студенті Диас Мэлс жеңіп алды. Қазылар алқасы екінші орынды № 57 орта мектептің атынан қатысқан Наушабек Баязи мен Темірбек Қалменбайға және

№ 52 мектеп-гимназиясының оқушысы Дінислам Көпіровке берді. Үшінші орынды Сервис және туризм колледжінің студенті Наргиз Мәлікова, № 63 "Армандастар" мектеп-гимназиясының домбырашылар ансамблі және № 61 мектеп-лицейінің оқушысы Мансұр Мұхамеджановтар өзара бөлісті.

Іс-шара ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" шығармашылық студиясы тәрбиеленушілерінің мерекелік концертімен аяқталды.