
Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ақпараттық хабарлама айтылды. Ол ақпаратта Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК ӘПОББ күрделі құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығы сөз болған.
ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы 2015-2016 жылдары мердігерлік ұйыммен әскери бөлімдердің бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасасты. Құрылыс-монтаж жұмыстары уақытында аяқталып, нысан шартта белгіленген мерзімде тапсырылды. Пайдалануға қабылдау туралы актіге 2016 жылдың 26 қыркүйегінде қол қойылды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін ғимараттардың бір бөлігі режимдік үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу себебінен пайдаланылмайды. Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығы әскери нысандар құрылысының сапасы, өткен жылдардағы шарттарды адал орындамау фактілері, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың осы мәселелерде сыбайластыққа жол бермеу туралы мәселесін бірнеше рет көтерді. Атап айтқанда, бұл мәселені Қорғаныс министрі ағымдағы жылғы 15 маусымдағы аппараттық кеңесте жария етіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау жөнінде нұсқау берілді.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СДТБТ-да мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерін адал орындамау фактісі бойынша № 203500131000094 материал тіркелді.
Лауазымды адамдардың кінәлі болу дәрежесі мен жауапкершілік шараларын анықтауда соңғы нүктені сот қояды.