Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Ақпараттық ғасырда журналист мамандығы ең күрделі, жауапты, бірақ сонымен қатар өте қызықты мамандық болып табылады. Журналистер әрдайым қайнаған ақпарат пен оқиғаның ортасында жүреді. Бұқаралық ақпарат құралдары өзекті жаңалықтарын қалыптастырып, көрерменнің, оқырманның, тыңдаушының назарын аса маңызды оқиғаларға аудара отырып, қоғамдық пікірге әсер етеді. Олардың кәсібилігі, ізденімпаздығы, объективтілігі және өз ісіне адалдығы бұқара халыққа елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы білуге мүмкіндік береді.
Отандық БАҚ-та күн сайын Қазақстанның Қарулы Күштері туралы материалдар жарияланып тұрады. Қазақстан армиясының өзекті оқиғалары, қорғаныс ведомствосының қызметі туралы репортаждар, сұхбаттар және талдамалық жарияланымдар журналистердің күшімен теледидар, радио және баспасөз беттерінде жарық көреді.
Журналистердің жұмысына ықпал ету мақсатында бірнеше жыл бойы экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары өткізілуде. Әскери қызметшілер отандық БАҚ өкілдері мен блогерлерді бейтаныс жерлерде қарулы қақтығыстарға және өмір сүруге байланысты түрлі жағдайларды модельдеу арқылы күрделі экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретеді.
Журналисттердің әскери тақырыпты жариялаудағы ұмтылысын қолдай отырып, жыл сайын Қарулы Күштер туралы үздік материалдардың авторларына «Әскер Медиа» сыйлығы табыс етіледі.
Қорғаныс министрлігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігері жалпы қоғамды әскери қызметшілердің міндеттер мен қызметі туралы объективті хабардар етуге, армия мен қоғам арасында сындарлы және сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Қорғаныс министрлігі барлық журналистерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа идеялар мен тың жобаларды іске асыруда табыс пен сәттілік тілейді!