"Батыс" өңірлік қолбасшылығына Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы келді

"Батыс" өңірлік қолбасшылығына Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы келді

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кездесу өңірдің ҚХА ақсақалдар кеңесінің қолдауымен өтті.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері 41433 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздарына Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА-ның жақында өткен XXXIII сессиясында сөйлеген сөзі және қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған оның құрылымдарының қызметі туралы айтып берді. Су тасқыны кезінде жергілікті тұрғындарға баға жетпес көмек көрсеткені үшін әскерилерге шын жүректен алғыс айтты.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов іс-шараны ұйымдастырушыларға осындай пайдалы, мәдени бағдарлама үшін ризашылығын білдірді. Ол өңірлік қолбасшылық әскерлерінде түрлі ұлт өкілдері қызмет ететінін атап өтті. Осы қиын күндерде олардың бәрі жергілікті халыққа көмектесуге және табиғи апаттың зардаптарын азайтуға тырысуда.

Кездесу соңында генерал-майор Б. Артықов Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаевқа, сондай-ақ Әзербайжанның "Новруз" ЭМБ басшысы Эльдар Ахмедовқа, татар-башқұрт – "Татулық" басшысы Рамиль Расуловқа, грузин – "Иверия" басшысы Зураб Бобохидзеге алғыс хаттар табыс етті.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері әскери қызметшілерге арнап әр ұлттың бірлігін айқындайтын концерт қойды.