
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын.
Шын мәнінде бұл жалпыхалықтық мереке біздің отансүйгіштігіміздің, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып табылады. Біз бірлік пен келісімнің арқасында тәуелсіз мемлекет құруда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, әлемде жоғары беделге ие болып, өзімізді мойындата алдық.
Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады. Әйтсе де біз – бір халық, қазақстандықтармыз. Көпұлтты қоғам ұрпақтарының бірлігі мен берік байланысының арқасында Қазақстан барлық қиындықты еңсеріп, өз тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамуға қол жеткізді.
Бейбітшілік пен келісім – бұл көздің қарашығындай сақтайтын ортақ құндылығымыз. Тек достық пен өзара сыйластықта ғана ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының шынайы байлығы мен амандығы туындайды. Осы негізгі құндылықтар халқымыздың дүниетанымын айқындап, оны одан әрі шоғырландыру мен біріктіруге айқын бағдар бола алады.
Бүгінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бұл ортақ шаңырақ астына біріккен барлық қазақстандықтардың еңбегінің жемісі. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілеті үнемі нығайып келеді.
Қарулы күштер елдің егемендігі мен тұтастығының сенімді кепілі, халықтың ертеңгі күнге деген бірлігі мен сенімінің тірегі болып табылады.
Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Барлық әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, ел азаматтарына зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов