Жер мен объектілерді жарылыс қаупі бар заттардан тазарту бойынша нұсқаулық әзірленді

Жер мен объектілерді жарылыс қаупі бар заттардан тазарту бойынша нұсқаулық әзірленді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы  бастығының «Жергілікті жерді (объектілерді) жарылыс қаупі бар заттардан тазарту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

Нұсқаулық Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің жарылыс қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздестіру, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау тәртібін нақтылайды және айқындайды. Атап айтқанда:

- жергілікті жерді (объектілерді) жарылыс қаупі бар заттардан тазарту жөніндегі жауынгерлік міндеттерді жоспарлау кезінде қызметті ұйымдастыру;

- әскери қызметшілерді жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жару құрылғыларын іздестіру, тасымалдау,  залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындау және жіберу тәртібі;

- тұрғындар тапқан жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру бойынша минасыздандыру тобының міндеттерін орындау тәртібі;

- полигондарды, авиациялық полигондарды, оқу орталықтарын, оқу объектілерін, әскери атыс орындарын жарылыс қаупі бар заттардан тазартуды ұйымдастыру; 

- алаң бірлігіне есептей отырып,  полигондарды сапалы тазарту үшін жеткілікті тартылатын жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындау тәртібі;

- полигондарды жаппай тазарту тәртібі: авиациялық полигондарды, оқу орталықтарын, оқу объектілерін, әскери атыс орындарын жарылыс қаупі бар заттардан;

- қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар мен минасыздандыру тобының жұмысы (бұрын әскери үлгідегі жарылғыш заттармен ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген);

- жарылғыш қауіпті заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жою және тасымалдау;

- жергілікті жерді (объектілерді) жарылыс қаупі бар заттардан тазарту жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде сақталуы қажет қауіпсіздік шараларының талаптары.