Алматыда оқушыларды алғашқы әскери және технологиялық дайындау мәселелері талқыланды

Алматыда оқушыларды алғашқы әскери және технологиялық дайындау мәселелері талқыланды

Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкімдік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Онда алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы оқытушылардың кәсіби құзыретін дамыту мәселелері, сондай-ақ оқу процесінде «Геотактика» бағдарламалық өнімін пайдалану перспективалары талқыланды.

Отырыста Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы запастағы полковник Ерлан Закиев және басқа да сарапшылар баяндама жасады.

Іс-шараға қатысушылар үшін қару-жарақ пен киім-кешек көрмесі ұйымдастырылды. Қарулы күштердің тарихы және Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Аталған іс-шара білім беру жүйесін дамытуға және оқытушылардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған. Бүгінгі таңда әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери қызметке даярлау сапасы және оқу орындарындағы әскери-патриоттық жұмыстың мазмұны соларға тікелей байланысты.