Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері жаңартылған қағидалар бойынша тіркелетін болады

Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері жаңартылған қағидалар бойынша тіркелетін болады

ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясның әуе кемелерін тіркеу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 мамырдағы №220 бұйрғына өзгертулер мен толықтырулар қабылданды.

«Құқықтық актілер туралы» ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг процесінде анықталған кемшіліктер жойылды, сондай-ақ әуе кемелерін қабылдау-беру актісінің нысаны анықталды, оларды тіркеуден бас тарту негіздері баяндалған.

Нормативтік құқықтық актіні іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкеп соқпайды, тауарлар, қызметтер саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты болмайды және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

Толық мәтінмен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.