Десантшылар мен ауыл тұрғындары Батыс Қазақстан облысындағы Рубежинскийді қорғауда

Десантшылар мен ауыл тұрғындары Батыс Қазақстан облысындағы Рубежинскийді қорғауда

 Бәйтерек ауданы Рубежинский ауылында адамдар көп. Ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер Қарулы күштердің 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерімен бірге ауылдың айналасында қолдан көтеріп, тосқауылдар тұрғызуда.

Ауылдың түпкілікті тұрғыны Ирина Адаменко әскерилер ең қауіпті аймақта – су бірінші келетін ойпатта қоршау жүргізіп жатқанын айтты. 

– Рубежинсийдің айналасы толық қорғалуы керек. Енді жағалау аймағының шамамен 3-4 шақырымын бекітті деп айтуға болады. Десантшылар, біздің әйелдер мен жасөспірімдер – бәрі жарады. Қарғын суға бірге қарсы тұрды. Бізді осындай қиын жағдайда қалдырмағаны үшін әскерилерге алғысымыз шексіз, – деп қосты Ирина Адаменко. 

37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының команда басшысы 3-сыныпты сержант Амангелді Базарбаев үш күн ішінде жалпы күш-жігермен ұзындығы үш шақырымнан асатын бөгет салынғанын айтты. Оның биіктігі төрт метрден асады. Рубежинскийдің тұрғындары бұл бөгет елді мекенді келген судан қорғай алады деп сенеді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері одан бөлек Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Теректі, Ақжайық және Чапаев аудандарының басқа елді мекендерінде жағалауды күшейту жұмыстарын орындап жүр.