Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Әскери комитетінің отырысы өтті

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Әскери комитетінің отырысы өтті

Бейнеконференцбайланыс режимінде тараптар әлемдегі әскери-саяси ахуалдың даму тенденцияларын, қауіпсіздік төңірегіндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді талқылады. 

Отырыста Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ұсынған әскери саладағы қызметтің басым бағыттары қаралды.

Тараптар бұдан басқа биыл және 2025 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрамаларының күш-құралдарын, басқару органдарын бірлесіп даярлау шараларын да талқылады.