Алматыда әскери жоғары оқу орнының курсанттары 10 тонна гуманитарлық көмекті тиеуге көмектесті

Алматыда әскери жоғары оқу орнының курсанттары 10 тонна гуманитарлық көмекті тиеуге көмектесті

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды жіберіп жатқан, қиындыққа бей-жай қарамайтын алматылықтарды қолдады. 

Алматы тұрғындары 2,5 тоннадан астам киім, бір тонна тазалық заттарын, 3,5 тоннадан астам азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттарды жөнелтуге дайындады.

– Елдің зардап шеккендерге көмектесу ниетімен қалай біріккенін көрдік. Гуманитарлық жүктің ағымы үлкен. Бұл біздің игі іске қосқан үлесіміз, – деді 3 курс курсанты Аслан Сейітжан.

Автокөліктерге тиелген 10 тонна гуманитарлық жүк елдің батысына Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына жол тартты.