Елордадағы қорғаныс университетіне Австрияның әскери атташесі келді

Елордадағы қорғаныс университетіне Австрияның әскери атташесі келді

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Австрия Республикасының әскери атташесі полковник Томас Ахаммердің дәрісі өтті.

Әскери дипломат Еуропа мен әлемдегі қауіпсіздік жағдайы туралы айтты.

Австрия қорғаныс ведомствосының өкілі тыңдаушылардың назарын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың, қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер сипатының өзгеруіне аударды. Одан басқа ол мемлекет мүдделерін қорғау үшін қарулы күштерді сапалы даярлау мен жарақтандырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Австрия тарапының бастамасымен өтті.