Қорғаныс министрі Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жоюды жалғастыру жөніндегі міндеттерді нақтылады

Қорғаныс министрі Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жоюды жалғастыру жөніндегі міндеттерді нақтылады

Өзін-өзі оқшаулау режиміндегі Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қызметтік кеңес өткізді.

Қорғаныс министрі кеңесті қызметтік кабинеттен бейнеконференцбайланыс режимінде өткізді. Төтенше жағдайлар салдарын жоюды жалғастыру үшін Арыс қаласына ротация шеңберінде келген жиынтық инженерлік-саперлік отрядтың жаңа құрамы алдындағы міндеттер нақтыланды.

Жұмыс барысында жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға баса назар аударылды.

Қарулы Күштердің инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі де қаралды.