Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетіне Беларусь өкілдері келді

Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетіне Беларусь өкілдері келді

Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы генерал-лейтенант Александр Вольфовичтің басшылығымен келген шетелдік делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қарсы алды.

Қонақтарға университеттің құрылу тарихы, оның бағдарламалары мен оқу-материалдық базасы туралы айтылды. 

Өткен жылдың күзінде ашылған Беларусь Республикасының аудиториясына барған кезде беларусь делегациясы ондағы көрнекі және оқу құралдарымен танысты. 

Тараптар ынтымақтастықтың бұл түрі тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен Беларусь Қарулы күштері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.