
Кеше кештен бастап 31 наурыздың түнгі екісіне дейін 99250 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қаратөбе ауданы Сулыкөл (Қалдығайты) ауылының маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты.
Орналасқан жерге жету үшін бригаданың жеке құрамы 280 шақырымдық марш жасады. Ауылға апаратын жолды су шайып кеткен, сондықтан қалған екі шақырымды әскери қызметшілер Төтенше жағдайлар министрлігінің жүзу құралдарымен өтті.
ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің және тұрғындардың бірлескен күшімен инертті материалдары бар мыңнан астам қап төселді. Қолдан жасалған бөгет ауылға жақындаған еріген сулардың жолын жапты.