Астанада ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының XIX отырысы өтті

Астанада ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының XIX отырысы өтті

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында өтті. 

Тараптар ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы XVIII отырысының хаттамасын іске асыру барысын талқылады. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі отырысқа қатысушыларды ШЫҰ-на мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесіне дайындық барысы туралы хабардар етті. Оны ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдар жобасы қарауға ұсынылды. 

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің «Бейбітшілік кернейі – 2024» әскери оркестрлер фестиваліне дайындық туралы да ақпараттандырылды.

Іс-шара Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы шеңберінде және халықаралық ұйымға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.