
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттейтін «Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес нормативтік бұйрықтарға құқықтық мониторинг жүргізілді. Нәтижелері бойынша қызмет өткеру үшін жеке құрамды ынталандыруға және әскери қызметшілерді батыс өңірде қызмет өткеруге тартуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Сонымен қатар батыс өңірде қызмет өткерген әскери қызметші ротациялау жағдайы туындаған кезде әскери қызметті одан әрі өткеретін жерді бір реттік таңдау құқығын пайдаланады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 10 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14994099 сілтеме бойынша танысуға болады.