Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды

Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Әуе қорғанысы күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында ХХVІ спартакиада шеңберінде ұйымдастырылған армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың мерейтойына арналған турнирге тоғыз салмақ дәрежесінде бес мықты деген команда қатысты.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник Асан Бейсенбаев атап өткендей, армиялық қоян-қолтық ұрыс – бұл жай ғана спорт түрі емес, сонымен қатар әрбір әскери қызметші меңгеруі тиіс әмбебап қорғаныс пен шабуыл жүйесі.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте бас жүлдені Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы иеленсе, екінші орынға Әуе қорғанысы күштерінің командасы, ал үшінші орынға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамасы табан тіреді.

Жеке есепте алтын олжалағандар – 57 келіге дейінгі салмақта курсант Нұрбол Құдайбергенов (РЭБӘИИ), 62 келіге дейінгі салмақта Данияр Әшірбаев (ӘШҚҚ), 67 келіде Жәнібек Сәбит (ӘӘК), 73 келіге дейінгі Нұрсұлтан Құттымұратов (ӘӘК), 80 келіге дейін Ерлан Байтин (ӘҚКӘИ), 88 келіге дейін Жәңгір Жұмаханов (РЭБӘИИ), 97 келіге дейін Пірімқұл Садықов (РЭБӘИИ), ал 97 келіден жоғары салмақта Ернұр Сабыров (ӘШҚҚ).

Жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар армиялық қоян-қолтық ұрыстан Қарулы күштердің республикалық турнирінде Әуе қорғаныс күштерінің намысын қорғайтын болады.