Қорғаныс министрлігінде Беларусь Республикаcының жаңа әскери атташесі таныстырылды

Қорғаныс министрлігінде Беларусь Республикаcының жаңа әскери атташесі таныстырылды

Қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникиннің Беларусь елшілігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Қазақстандық тарапқа Беларусьтің Қазақстандағы жаңа әскери атташесі полковник Дмитрий Кураш таныстырылды.

Кездесуде тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар 2024 жылы ШЫҰ және ҰҚШҰ форматындағы бірлескен іс-шараларды талқылады.