
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Бұл өзгеріс нормативтік құқықтық актінің кіріспесіне енгізіледі, онда заң көрсетілген кезде оның қабылданған күні алынып тасталады. Түзету «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабы 5-тармағына қайта енгізілді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 2 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14981844 сілтеме бойынша танысуға болады.