Әскери бөлім мен мекеменің Жауынгерлік туына Президент грамотасы бланкісінің сипаттамасы мен үлгісі бекітіледі

Әскери бөлім мен мекеменің Жауынгерлік туына Президент  грамотасы бланкісінің сипаттамасы мен үлгісі бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Жауынгерлік туына Қазақстан Республикасы Президенті грамотасының сипаттамасы мен үлгісін бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік күзет қызметімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп Ел Президентіне қол қоюға енгізілетін Жауынгерлік туға типтік грамота үлгісін әзірлеу және оны бекіту туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша дайындалды. 

Құжат ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 265) тармақшасы негізінде әзірленді. Оны қабылдау ҚР Президентінің Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының Жауынгерлік туына арналған Грамота бланкісін ресімдеу мен оны ұстаудың біркелкілігіне әкеледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 2 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14982499 сілтеме бойынша танысуға болады