Армия былғары қолғап шеберлері 2024 жылғы Олимпиадаға екі лицензия жеңіп алды

Армия былғары қолғап шеберлері 2024 жылғы Олимпиадаға екі лицензия жеңіп алды

Орталық спорт клубының боксшылары кіші сержант Сәкен Бибосынов пен ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Махмұд Сабырхан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокс бойынша олимпиадалық лицензия турнирінің ширек финалында жеңімпаз атанды. 

57 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан тәжік боксшысы Асрор Вохидовпен кездесіп, 4-1 есебімен жеңіске жетті. Ширек финалдық жекпе-жекте 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов қарсыласын ұтты. Британдық Киаран Макдональд Сәкеннен 4-0 есебімен жеңілді. Лицензия иеленген екі былғары қолғап шебері де ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының нұсқаушы спортшылары. 

Турнирде Қарулы күштердің қызметшілері, бокстан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған Алуа Балқыбекова мен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Мұхамедсабыр Базарбайұлы да қолғап түйістірді. Спортшылар Олимпиадалық лицензия алған жоқ. Дегенмен мамандар 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкокта өтетін екінші лицензиялық іріктеу турнирінде бұл жағдайды түзетуге болады дейді.