Әскери қызметшілер Т-72 танктерінде тұрақты орналасқан

Әскери қызметшілер Т-72 танктерінде тұрақты орналасқан

Маңғыстау облысында взводтардың жауынгерлік атыстары өтті «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында теңіз жаяу әскерлерінің танк бөлімшелері үйлестіру кезеңдерінің бірін взводтардың жауынгерлік атысымен аяқтады. 

Әскери қызметшілер Т-72 танктерінде тұрақты орналасқан жерлерден тактикалық оқу алаңының ауданына марш жасады. Жорықта жауынгерлер түрлі кедергілерді, оның ішінде миналанған қоршаулардан өту және жергілікті жерлердің залалданған учаскелерін еңсеру машықтарын пысықтады.

Бүркемелеу құралдарын қолдана отырып, танктердің маршы кезінде шартты қарсыласты жоюдың тактикалық әрекеттері де пысықталды.

Тактикалық сабақтардың белсенді кезеңінде жауынгерлік атыс өткізілді, оның барысында экипаждар әртүрлі қашықтықта орнатылған қарсыластың әрекеттерін имитациялайтын нысанаға танктің штаттық қару-жарағынан оқ жаудырды.

– Взводтардың жауынгерлік атыстарын жүргізу кезінде басты назар тактикалық іс-қимылдарға, бөлімшелердің атысын басқаруға, ұрыста қаруды тиімді қолдануға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылды. Оқу-жаттығу командирлердің жауынгерлік бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіруге ықпал етті, – деді танк батальонының командирі капитан Бексұлтан Алдаберген.

Әскери қызметшілер оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау кезінде машықтанудың жоғары деңгейін көрсетті. Теңіз жаяу әскерлері танк бөлімшелерінің жауынгерлік оқуының келесі кезеңі роталық тактикалық оқу-жаттығулар болмақ.