Қазақстандық әскерилер DIMDEX-2024 халықаралық көрмесіне және Катардағы теңіз конференциясына қатысты

Қазақстандық әскерилер DIMDEX-2024 халықаралық көрмесіне және Катардағы теңіз конференциясына қатысты

Қазақстанның әскери делегациясы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Катардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі доктор Халед бен Мұхаммед әл-Аттыяның шақыруымен Катар астанасы Дохаға келді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің VIII Халықаралық DIMDEX-2024 қорғаныс-өнеркәсіптік көрмесіне ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов бастаған делегация қатысты.

DIMDEX-2024 VIII Халықаралық қорғаныс-өнеркәсіп көрмесінде көрмеге қатысушылар әскери-теңіз, теңіз индустриясы және маңызды теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі саласындағы озық үлгілерін ұсынды.

Іс-шара аясында қазақстандық әскери қызметшілер теңіз қорғанысы жөніндегі конференцияға қатысты.