
Әскери полиция бас басқармасымен ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар әзірленді.
Атап айтқанда, жаңа редакцияда Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтары баяндалған:
- «Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығы. Қағида, әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру кезінде әскери техниканы қолдану құқығымен толықтырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы астанасының аталуы «Астана» қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы атауына өзгертілуіне байланысты қағидаға өзгертулер енгізілді.
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен әскери полиция органдары қолбасшылығының қару мен оқ-дәріні ұрлау, жоғалту не әскери бөлімнің орналасқан жерін әскери қызметшілердің қарумен бірге өз бетімен тастап кетуі туралы ақпаратқа ден қою қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 маусымдағы №351 бұйрығы. Өзгерістер жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 12 және 15-тармақтарында әскери техника туралы терминологияға қатысты, ол жаңа редакцияда 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келтірілген.
Бұйрық жобаларының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.