Алматыдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне жапон делегациясы келді

Алматыдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне жапон делегациясы келді

Қазақстанда Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің әскери дәрігерлер делегациясы жұмыс сапарымен болды.

Шетелдік делегация ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының және Алматы қ. Әскери клиникалық госпиталінің қызметімен және оқу-материалдық базасымен танысты. 

Жапондық әріптестерге брифинг ұйымдастырылды. Онда Әскери медицина орталығының даму перспективалары, жабдықтау және әскери-медициналық мамандарды даярлау жөніндегі жоспарлар айтылды. 

Тараптар шетелдік әріптестер ұсынған 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.