Қарағандылық әскери қызметшілерге қызметтегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қарағандылық әскери қызметшілерге қызметтегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының өкілдері 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне әскери қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде практикалық сабақтар өткізді. 

Алдын алу шараларына әскери қызметтің қауіпсіздігіне жауапты әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ бөлім сержанттары қатысты.

– Профилактикалық іс-шаралар практикалық атыстарды жүргізу, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған, – деп атап өтті Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бастығы подполковник Нұржан Рымтаев.

Оқу-жаттығу алаңдарында әскери қызметшілерге тәуліктік нарядқа түсу кезінде қаруды қолдану ережесі, АК-74 пен Макаров тапаншасынан атудың іс жүзінде орындалуы көрсетілді, бұдан басқа да практикалық атыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларынан нұсқау берілді.

Жауынгерлік машиналар тұрағында да сабақтар өткізіліп, әскери техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері және автомобильдердің рейске шығу тәртібі жөнінде ұсыныстар айтылды.