Қорғаныс министрлігіне Австрияның әскери атташесі келді

Қорғаныс министрлігіне Австрияның әскери атташесі келді

Қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті өкілдерінің Австрия Республикасының әскери атташесі полковник Томас Ахаммермен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар қызмет барысында және бітімгерлік миссияларды орындау кезінде әскери қызметшілерді этикалық және психологиялық қолдау туралы пікір алмасты. 

Атап айтқанда, келіссөздерде қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясын орындау мәселелері қозғалды.